TULǴA SCHOOL
Ағылшын тілі мен жаратылыстану пәндеріне басымдық беретін заманауи мектеп
Мектеп тарихы
TULǴA School 2023 жылы негізі қаланып, қысқа уақыт ішінде сапалы білім мен тәрбиенің іргелі орталығына айналды. Мектептің басты мақсаты — оқушылардың академиялық білімін ғана емес, тұлғалық дамуын да жан-жақты қалыптастыру.
Миссия және көзқарас
Миссиясы
Оқушылардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету үшін ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерту және жаратылыстану ғылымдарына терең бейімділік қалыптастыру.
Көзқарасы
Білім мен ғылым арқылы заманауи, сыни ойлай алатын, ағылшын тілін еркін меңгерген, құндылықтарды бойына сіңірген, халықаралық стандарттарда білім алуға қабілетті тұлға қалыптастыру.
“TULǴA” атауының мәні
TULǴA — жай ғана атау емес, тұлғалық даму мен болмыстың бейнесі.
Қазақ тіліндегі «тұлға» сөзі адамның дара қасиетін, рухани биігін және ішкі әлеуетін білдіреді. Бұл атау әр баланың қабілеті мен мінезін бағалап, оны толыққанды азамат әрі зияткер тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған мектеп философиясын көрсетеді.
TULǴA аббревиатурасы:
-
Т – Талант пен тәрбиені ұштастыру
-
U – Ұмтылыс пен үздіксіз даму
-
L – Лидерлік қасиеттерді ашу
-
Ǵ – Ғылым мен жаңашылдыққа жол ашу
-
A – Адами құндылықтар мен алға басу
Бұл атау: «Әр оқушы — бірегей тұлға» деген қағиданы ұстанатын білім ордасының бет-бейнесін айқындайды.
Мектептің ерекшелігі
🧠 Бір білім – екі мүмкіндік: ғылым мен ағылшын тілінде еркіндік
TULǴA School — тіл мен ғылымды ұштастыра отырып, оқушыны халықаралық деңгейдегі білімге дайындайтын білім орталығы.
Оқушылар:
-
ағылшын тілін еркін меңгереді;
-
жаратылыстану бағытындағы білімін тәжірибе арқылы дәлелдейді;
-
ғылыми жобалар мен зертханалық жұмыстарға белсенді қатысады;
-
халықаралық білім кеңістігіне дайындық алады.
Жетістіктер
TULǴA School оқушылары мен педагогтері үнемі жоғары нәтижелерге ұмтылып, білім мен шығармашылықта табыстарға жетуде. Біз шәкірттерімізді тек академиялық біліммен ғана емес, тұлғалық әлеуетін арттыруға бағыттаймыз.
Оқушылардың жетістіктері
-
ҰБТ нәтижелерінің жоғары көрсеткіштері
-
Олимпиадалардағы жүлделі орындар
-
Ғылыми жобалар мен байқаулардағы жеңістер
Мұғалімдердің жетістіктері
Ұлттық деңгейдегі марапаттар
Мұғалімдеріміз республикалық байқауларда, педагогикалық форумдар мен кәсіби семинарларда үздік атанып, түрлі марапаттарға ие болды.
Кәсіби біліктілік
Педагогтер тұрақты түрде семинарлар мен тренингтерге қатысып, өздерінің кәсіби деңгейін үздіксіз арттыруда. Мектепте мұғалімдердің кәсіби дамуына ерекше мән беріледі.